FAQ
Тұрмыста, әсіресе ұрғашы жануарлар туралы сөз болғанда, көбінесе "стерилизация" деп айтады.
Бірақ медициналық тұрғыдан репродуктивті мүшелерді алып тастаудың дұрыс атауы - кастрация.
Кастрация - бұл аналық бездерді (ұрғашыларда) немесе аталық бездерді (еркектерде) алып тастау.
Дәл осы ота:
- көбеюді толық тоқтатады
- гормоналды ауытқуларды жояды
- онкологиялық және қабыну ауруларының қаупін азайтады
Стерилизация- бұл мүшелерді алмай, тек түтікшелерді байлау.
Бұл жағдайда гормоналды фон сақталады, яғни жануардың мазасыздануы, белгі салуы, агрессиясы және ауру қаупі қала береді.
Сондықтан біз "кастрация" терминін қолданамыз - өйткені біз жасайтын ота мәселені кешенді түрде шешеді.
Еркек жануарлар (мысықтар мен иттер) үшін дәл осы кастрация жасалады - аталық бездерды алып тастау.
Кастрация - бұл азаптаудың алдын алу.
Жануарлар ұрпақ әкелуді саналы түрде жоспарламайды, олардың мінез-құлқын гормондар реттейді. Тұрақты мазасыздану, белгі салу, ұлу, агрессия, қашу және төбелес - бұл гормоналды стресс.
Кастрация:
- онкологиялық аурулардың қаупін азайтады
- пиометраның (жатырдың іріңді қабынуы) алдын алады
- агрессия мен қашуды азайтады
- үй жануарының өмірін ұзартады
Адамгершілік - бұл далада қалатын жануарлардың туылуына жол бермеу. Алдын алу әрқашан құтқарудан тиімдірек.
Иә. Асыранды жануар далаға шықпаса да қажет.
Үйдегі мысықтар мен иттер де гормоналды ауруларға және стреске бейім.
Кастрациядан кейін мысықтарда:
- мазасызданып ұлуы тоқтайды
- белгі салуы кетеді
- ісік пен қабыну қаупі азаяды
Иттерде:
- жалған буаздық болмайды
- гормоналды ауытқулар азаяды
- ісік қаупі азаяды
- қашуға бейімділік төмендейді
Кастрация мінезді өзгертпейді. Ол тек гормоналды стресті жояды.
Бір кастрацияланбаған мысық пен оның ұрпағы жылына ондаған марғау әкелуі мүмкін. Олардың көбі баспана таба алмайды.
Баспанасыздық көшеден емес, "кейін біреуге берерміз" деген ойдан басталады.
Кастрация:
- бақылаусыз көбею тізбегін үзеді
- панажайлар мен еріктілерге түсетін салмақты азайтады
- қажетсіз ұрпақтың пайда болуына жол бермейді
Бүкіл әлемде жануарларды жаппай жоймай, олардың санын тұрақты түрде азайтуға мүмкіндік беретін "Ұстау–Кастрациялау–Босату" (CNR) әдісі тиімді болып танылған.
Мобильді формат - бұл:
- жануар үшін аз стресс
- қаланы кесіп өтудің қажеті жоқ
- қабылдау қатаң түрде жазылу бойынша - кезексіз
- аулалар, жеке сектор және еріктілер топтары үшін ыңғайлы
- ұжымдық өтінімдер кезінде тиімді (10 жануардан бастап)
- жасырын төлемсіз бекітілген баға
Біз барлық қажетті жабдықтарды өзімізбен әкелеміз және тұрақты клиникадағыдай стерильдікті сақтаймыз.
Дайындық өте оңай.
Отаға дейін 12 сағат бұрын:
- тамақ бермеу
- суды қалдыру
Ота болатын күні:
- тамақ та, су да бермеу
- тасымалдауға арналған жәшік немесе қарғы бау және жылы жамылғы дайындау;
- үйде отадан кейін демалатын жылы, тыныш орын дайындап қою
Егер жануар буаз болса, жақында босанса, 7 жастан асқан болса немесе созылмалы аурулары болса - бұл туралы алдын ала міндетті түрде хабарлаңыз.
Ота алдында тексеру жүргізіледі. Қарсы көрсетілімдер болса, дәрігер бас тартуы мүмкін - қауіпсіздік әрқашан бірінші орында.
Біздің қызмет көрсетуіміз:
- қала және қала маңында (негізінен Талғар ауданы)
- ұжымдық өтінімдер бойынша (10 жануардан бастап)
Шығу мүмкіндігі жазылу кезінде нақтыланады - көмек баршаға қолжетімді болуы үшін біз жұмыс аймағын кеңейтуге тырысамыз.